00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлттық ұланда әскери кеңес өтті

Ұлттық ұланда әскери кеңес өтті
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астанада Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің төрағалығымен өзара іс-қимыл жасайтын органдар басшылары мен әскерлердің қолбасшылық құрамының қатысуымен Ұлттық ұланның Әскери кеңесі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық ұлан қойылған міндеттердің орындалуын, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюды тиісті деңгейде қамтамасыз етті. Өткен жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы ведомстволық авиациялық базаны ашты. Материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейі жоспарлы түрде артып келеді», -деді полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов.

Отырыста Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы генерал-майор Қайрат Ақтанов әскери қызметшілердің бірлескен оқу-жаттығуларға қатысуы, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде маңызды қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу кезеңінде, патрульдік-бекеттік қызметтің міндеттерін орындау, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, арнайы мақсаттағы бөлімшенің жауынгерлік әлеуетін арттыру туралы айтты. 

Әскери кеңес отырысының соңында министр әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен  қабілетін қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков жүктелген барлық міндеттер толық көлемде орындалатынына сенім білдірді.

Жиын соңында, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов ардагерлер мен жеке құрамды Ұлттық ұлан күнімен құттықтап, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауда табыс тіледі.