00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық ұлан әскерде жүріп жарақат алған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

23 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық ұлан әскерде жүріп жарақат алған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Әскерде жүріп жарақат алып, жарты жылдан бері комада жатқан Ербаян Мұхтарға қатысты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал Қайрат Үмбетов мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде қызмет өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар 2023 жылғы 4 желтоқсанда басын ауыр жарақаттап алды. Бұл факт бойынша, бұрын баяндалғандай, қылмыстық іс қозғалды, оны Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеп жатыр. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның қадағалауында. Өз кезегінде, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери-медициналық басқармасы қатардағы Мұхтарға жан-жақты қолдау көрсетуде, оның ішінде өтемақы төлеу және Ресей мен Түркияның жетекші клиникаларында одан әрі емдеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. Біз үнемі қажетті қолдау мен көмек көрсету арқылы зардап шеккен адамның отбасымен байланысып отырмыз. Сіздерден ресми және сенімді көздерден алынған ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз» - деп жазылған хабарламада.