LRT құрылысы: Елорданың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы cts_kz мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, 101-102 аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты:
-14 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін — Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қарағанды тас жолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі;
-15 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін — Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тас жолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:37
Елордалық полицейлер есірткі таратушыларды ұстады

Бүгін, 15:21
Астанада өтетін Backstreet Boys тобы концертіне 12 000-нан астам турист келеді

Бүгін, 14:02
Астанада медицина мамандарының оқу ғимараты пайдаланылуға берілді

Бүгін, 13:42
Елордада аумақтық қорғаныс бригадасының әскери жиындары өтіп жатыр