00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

LRT пойызы операторларын оқытуға алдын ала қабылдау басталды

4 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
LRT пойызы операторларын оқытуға алдын ала қабылдау басталды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz «City Transportation Systems» ЖШС сілтеме жасап.

LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері: 

- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау; 

- автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;

- вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.  

Біз ұсынамыз: 

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу; 

- жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. 

Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Оқыту Астана қ./ҚХР жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.

Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).

Үміткерлерге қойылатын талаптар: 

- темір жол көлігі саласындағы жоғары білім; 

- жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл. 

Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады: https://cts.gov.kz/ru.

Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қ. +7 (7172) 577 177 (ішкі 102).