00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Келесі жылы да инватакси санын көбейтеміз – Жеңіс Қасымбек

Келесі жылы да инватакси санын көбейтеміз – Жеңіс Қасымбек
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуінде «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының төрайымы  Ботагөз Сұлтанова инватакси мәселесін көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры қанатының астында мыңнан астам отбасы, екі мыңнан астам мүгедектігі бар балалар бар. Өкінішке қарай мүмкіндігі шектеулі балалар инватакси қызметін қалыптасқан ереже бойынша қайталап ала алмайды. Қосымша бюджетті талап ететін бұл мәселені кеңесіп шешу үшін Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовпен бірлескен кездесу өткізсеңіз», - деді Ботагөз Сұлтанова.

Астана қаласының әкімі аталған қорға мүгедектігі бар балалар үшін атқарып жатқан қызметтеріне алғысын білдіріп, бұл игі істе әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Биыл жарты жылда инватакси санын еселеп көбейттік. Бүкіл еліміз бойынша елордада инватакси саны қала тұрғындарына шаққанда көп. Осы нарықта жұмыс істейтін компанияларға арбада отыратындарға арналған автомобиль алуға көмектестік. Біз ережеге өзгеріс енгізу арқылы  аутистерге де инватакси қызметі қолжетімді болуын қолға алмақпыз. Сондықтан сіздің бастамаңызды қолдаймыз, мүмкіндігінше құзырлы министрлікке шығып, ережелерге кейбір өзгерістерді енгізуге атсалысамыз. Жалпы, келесі жылы да инватакси санын көбейту үшін қаржыландыруды арттырмақпыз», - деді Жеңіс Қасымбек.