Елордалық зауыттардың бірінде студенттерге арналған экскурсия өтті
Астанада колледждің бірінші курс студенттері кәсіптік бағдар беру экскурсиясы аясында ModeX зауытындағы өндіріспен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында студенттер заманауи өндіріс технологияларымен және зауыттың жұмыс процестерімен танысты, сонымен қатар қызметкерлерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
Экскурсия студенттерді еңбек нарығында сұранысқа ие қазіргі мамандықтармен таныстыруға және техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
Колледж басшылығы мен зауыт директоры студенттерді дуальді оқыту және тағылымдамадан өткізу мүмкіндіктері туралы да келіссөздер жүргізді.
29 қазанда зауыт пен холдинг басшылығының колледжге сапары күтілуде, онда ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ASTANA INVEST және Astana Development орталығымен бірлесіп, 1 қазаннан бастап кәсіптік бағдар беру экскурсияларын ұйымдастыру жобасын жүзеге асырып жатыр. Бүгінге дейін оларға елордадағы 4300-ден астам мектеп оқушысы мен колледждің бірінші курс студенттері қатысты. Жыл соңына дейін барлығы 12 200 балаға экскурсия өткізу жоспарланып отыр.