Елордалық еріктілер қала тұрғындары мен қонақтарына бауырсақ таратты

Елордалық  еріктілер қала тұрғындары мен қонақтарына  бауырсақ таратты
Фото: Ұйымдастырушылардан

1 мамыр Бірлік күні мерекесіне орай  Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бауырсақ біріктіреді» акциясы өткізіліп,  қала тұрғындарына жылдағыдай жаңа піскен бауырсақ таратылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елорданың Алматы ауданындағы балалар алаңында еріктілер тұрғындар мен қала қонақтарына барлығы 15 келі жаңа дайындалған бауырсақ таратты.

Іс-шараның мақсаты – елімізде тұратын түрлі этностар арасындағы достық пен ынтымақты нығайту. Жылы қарым-қатынас, ізгі тілектер мен жаңа піскен бауырсақтың хош иісі қонақжайлылықтың, бірліктің және елдің көпұлтты мәдени мұрасына деген құрметтің белгісін көрсетті.

«Бұл ерекше іс-шараға қатысу бізге үлкен қуаныш сыйлайды. Себебі ұлттық тағамымыз – бауырсақты халыққа үлестіре отырып, олардың қалай қуанып, шаттанғанын, риза болғанын көресің, алғысын аласың. «Бауырсақ біріктіреді» акциясы – біздің елдегі азаматтардың түсі мен ұлты сан алуан болғанына қарамастан бәрімізді бір мемлекет біріктіретінін, жүрегіміз бір екенін еске салатын қадам», - деді волонтерлердің бірі Дана Такенова.