00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жол полициясы қызметкерлеріне пара бермек болған 7 адам сотталды

14 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жол полициясы қызметкерлеріне пара бермек болған 7 адам сотталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін жол полициясы қызметкерлеріне пара беруге оқталған 7 жүргізуші сотталды, деп хабарлады Elorda.info.

Полиция қызметкерлерінің осындай әрекеттер заңсыз екендігі және оған қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертуіне қарамастан, пара берушілердің заңсыз әрекеттері тоқтаған жоқ.

Қылмыстық кодекстің 367-бабының санкциясына сәйкес мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.