00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңіне өтінім қабылдау қашан басталады

Елордада «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңіне өтінім қабылдау қашан басталады
фото: dauletten.kz

Елордада «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 29 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан штаттағы және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер қатыса алады.

Конкурсқа қатысушы үміткерді, яғни қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in  веб-порталында жүзеге асырылады.

Байқауға қатысушы педагогтің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес ең жоғары балл жинаған педагогтер жеңімпаз атанып, конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

Байқау туралы толығырақ ақпаратты https://astana-modern.kz/  сайтынан қарауға болады.