Елордада спорт саласында жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп жатыр
СЖТСТ шеңберінде «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілері құрылысы, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады.
Талдауды департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.
Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спорт саласындағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды maksut.n@antikor.gov.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.