00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада Фарабитанушы ғалым Ақжан Әл-Машниге арналған мұражай ашылды

8 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елордада Фарабитанушы ғалым Ақжан Әл-Машниге арналған мұражай ашылды
фото: Астана қ. Білім басқармасынан

Астанада ғалым Ақжан Әл-Машниге арналған «Рухани мұра және қазіргі ғылым» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Іс-шара қалалық Білім басқармасының қолдауымен Әдістемелік орталық пен Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Ғылыми шарада қазақстандық тұңғыш фарабитанушы Ақжан Әл-Машниге арналған мұражай салтанатты түрде ашылды.

Оған Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істері жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин арнайы шақырылып, ғұлама ғалымның өмір арнасынан сыр шертетін тағылымға толы ғұмырын насихаттап, құнды естеліктермен бөлісті.

«Ақжан Әл-Машнидің еңбектерін әлі де насихаттауымыз қажет. Алдағы жылы ғалымның 120 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Оны кең ауқымда ұйымдастырып, жас ғалымдарды тәрбиелеуге ықпал етуіміз қажет»,-деді  қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Бекділдаұлы.

Шараға Ақжан Жақсыбекұлының ұрпақтары қатысып, құнды ақпараттармен бөлісті. Екі бөлімнен тұратын жиында «Машанитану» оқуларын жыл сайын өткізуді рәсімге айналдыру, Ақжан Әл-Машанидың қаламынан туындаған 23 қолжазбаны жаңа теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеп, ғылыми еңбектер дайындау, Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің үздік оқушыларына «Тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани» атындағы шәкіртақыны тағайындау, мектеп бағдарламасына 5 – 11 сыныптарға арналған «Машанитану» таңдау пәнін енгізу сияқты ұсыныстар айтылды.