Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада 25-26 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін, 08:34
Елордада Д.Қонаев көшесінде көлік қозғалысы қайта ашылды
Бүгін, 07:31
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
27 қазан, 2025
Елордада халықты жұмыспен қамту бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр
