Елордада цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды
Бүгін елордалық мәслихаттың отырысында Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының жобаларын іске асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, елордада 11-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішінде: «Әкімдік құрылымдық бөлімшелерінің процестерін автоматтандыру», «Smart Astana мобильді қосымшасының қалалық қызметтерін жаңғырту», «Astana.kz порталында цифрлық сервистерді жүзеге асыру». Интернет және байланыс, «іKOMEK 109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының дамуы талқыланды.
«Білім беру мекемелеріне ерекше назар аудару қажет – бейнекамераларды Орталықтандырылған басқару орталығына (ОБО) қосу керек, сондай-ақ АТК, ПД, ТЖД қорытындыларымен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырдым, балалардың қауіпсіздігі басымдықта болуы тиіс. Кітапханаларды цифрландыру жоспар бойынша жүргізілуі тиіс, өйткені Астанада жыл сайын жаңадан ашылып жатқанын ескерсек, бейнебақылау камералары барлық жерде жұмыс істемейді, Индустриялық парк аумағында люктерді ұрлау жалғасуда, көптеген көшелер мен өткелдер бейнебақылау жүйелерімен жабдықталмаған», - деп жазды Е.Каналимов.