00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 150-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз – Жеңіс Қасымбек

16 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 150-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз – Жеңіс Қасымбек
Фото: дереккөз

Елорданың барлық ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram-парақшасына жазды. 

аким1.jpg

150-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз. Олардың бәрі қала тұрғындарының бос уақытын жайлы әрі денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын тартымды орындардың біріне айналады.

Бірқатар аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің құрылысымен таныстым. Мәселен «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылады. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерімен жалғасады. Автотұрақ кеңістігі («Алатау» СК-ға қарама-қарсы) жаяу жүргіншілер аймағына айналды, осылайша жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы болар бірыңғай тұжырымдама жасалды. Ал жағалау бойына спорт және ойын алаңдарын орнатамыз, - деді елорда әкімі.

аким2.jpg

Сонымен қатар қала басшысы Сәтбаев көшесінің Қажымұқан көшесінен Петров көшесіне дейінгі аралығы жаңартылатынын айтты. Онда демалуға арналған орындар, көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары, веложолдар және т.б. орнатылады.

аким3.jpg

Сондай-ақ орталық жағалаудың тарихи көшелері де (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) жаңартылады. Бұл жаңадан абаттандырылған орындарды осыған дейін ашылған орындармен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша серуендеуге арналған үлкен кеңістік құрылады.

Абаттандырумен қатар көгалдандыру мәселесіне де ерекше назар аударамыз. Биыл бір миллион жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.