00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр
Фото: Байқоңыр ауданы әкімдігінен

Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет-2025» жобасы аясында абаттандыру үшін өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр, , деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жобаның мақсаты – тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша ауданды абаттандыру.

Өз ұсыныстарын Байқоңыр ауданының кәмелетке толған барлық тұрғындары жібере алады.

Егер Сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын болады.

Ұсыныстарды Байқоңыр ауданы әкімдігініңbaikonyr-astana.kz ресми интернет-ресурсына жіберуге болады («Халыққа қатысатын бюджет-2025» бөлімінде).

Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын көрсету), сұлбасы мен сметаны (индикативті болуы мүмкін), ағымдағы күйдің фотосуреттерін, қалауыңыз бойынша презентацияны тіркеу қажет. Осы бөлімде жобаның ережелері, типтік жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралар мерзімі, сараптамалық кеңестің құрамы көрсетілген.

Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады. «Астана қаласы «Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.

Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Айта кетейік, ұсыныстар 2025 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.