00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттадық - Ерлан Каналимов

Бүгін балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттадық - Ерлан Каналимов
Фото:Facebook/Ерлан Каналимов

Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Елордада мәслихаттардың 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда. Бүгін әріптестерімізбен бірге балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттадық. Шығармашылық жарысқа 70-тен астам оқушы қатысты. Қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау қиын болғанын мойындады, өйткені әр жұмыс өзінше ерекше болды», - деді Ерлан Каналимов. 


Оның айтуынша, байқау нәтижесіне сәйкес үшінші орынды және 100 мың теңгенің сертификатын Назым Қайырбекова жеңіп алды. Екінші орын мен 150 мың теңгелік сертификат Алуа Булатова мен Әдия Садвақасоваға табысталды. Байқаудың жеңімпазы атанып, 200 мың теңге сыйлығын Сатиға Ахмедьянова иеленді. Гран-при иегері Дәрия Абдрахман атанды.

«Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын және депутаттық корпус атынан белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», - деп жазды Е.Каналимов.