00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазіргі уақытта көмір қоры 619 мың тоннаны құрайды – Ерлан Каналимов

Қазіргі уақытта көмір қоры 619 мың тоннаны құрайды – Ерлан Каналимов
Фото: Ерлан Каналимов Facebook парақшасынан

Бұл туралы Астана қаласы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бүгін партияның дәстүрлі күні аясында депутаттар корпусы «Астана Энергия» мекемесінде жылыту маусымының барысымен танысу мақсатында көшпелі кеңес өткізді. Энергетиктердің мәліметінше, негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Дерек бойынша, энергетикалық көздердің жалпы дайындық деңгейі 99,6%-ды құрайды. Біздің жылу электр орталықтарымызда негізгі жабдықты капиталдық жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. ТЭЦ-1-де 1 турбоагрегат пен 1 котлоагрегат, ТЭЦ-2-де 1 котлоагрегат жөнделді», - деп жазды төраға.

Сондай-ақ Ерлан Каналимов қаладағы 16 әлеуметтік нысан газбен қамтамасыз етілгенін айтты.

«Қазіргі уақытта көмір қоры 619 мың тоннаны құрайды. 2022 жылдан бері елордадағы 16 әлеуметтік нысан газбен қамтамасыз етілді, нәтижесінде бүгінгі күні қалалық бюджет газға көшу есебінен 3,5 есе экономия алады. Бұрын осы нысандар жылыту маусымы кезінде 1 миллиард 420 миллион теңге көлемінде дизель отынын пайдаланса, қазіргі уақытта шығындар 440 миллион теңгеден аспайды», - деді Ерлан Каналимов.