Астаналық көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Фото: Instagram/talgat_rakhmanberdi
Республика күні қарсаңында Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Республика күні – Тәуелсіздігімізді айқындап, егемендігімізді асқақтататын аса маңызды мереке.
Осы ұлттық мерекеміз қарсаңында алтын құрсақты аналарымыз мемлекеттік наградаларына ие болды.
Ел іргесінің бекем болуы – ұлт жанды ұлдарымыздың қолында болса, оларды дүниеге әкеліп, тәлімді тәрбиесімен сусындатқан – ардақты аналар. Сол үшін де бала тәрбиелеудегі аналардың ерен еңбектері мен қоғамдағы атқарар рөлі қашан да құрметке лайық.
Батыр ана атанған азаматшаларымызды мемлекеттік марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын!» - деп жазды аудан әкімі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды

Бүгін, 13:04
Астанада өтетін жәрмеңкеге екі облыстың тауар өндірушілері 400 тонна өнім әкеледі