Астанада жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті жолаушылар! 6 қазанда Астана қаласы көшелеріне жаңа №501 және №502 экспресс-бағдарларының шығатынын қуана хабарлаймыз! Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам әрі жайлы сапарлар, жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған», - деп жазылған хабарламада.
Бағдарлар бағыты: №501 экспресс – Абайдың 150 жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай; №502 экспресс –Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК қатынасымен жүреді.
«Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, қатынау жиілігі 14-20 минут. Жол жүру құны – 250 тг. Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды: «Қала+Экспресс» - 10 000 тг. «Қала+Экспресс+Қала маңы» - 13 500 тг. Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасының Tаplink-те танысуға болады. Сапарларыңызды экспресс-маршруттармен жоспарлаңыз және ыңғайлы жүріңіз!», - деп жазылған хабарламада.