00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы Орталық саябақты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды

Астанадағы Орталық саябақты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды
Фото: дереккөз

Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков Орталық саябақты басқарушы компания басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Magic Park Astana» ЖШС директоры Ғайни Хасенов алдағы жылға саябақты дамыту, оның ішінде жаңа экстремалды аттракциондарды ашу жоспарымен таныстырды.

«Ойын-сауық аймақтарын кеңейтумен қатар, әкімдік пен басқарушы компания саябақтың жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлуде.

Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында қурап қалған ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылды. Келесі жылы саябақта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ қысқы маусымға арналған жоспарлар талқыланып, оның аясында мұз айдынын ашу және басқа да қысқы ойын-сауықтарды ұйымдастыру жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, биылғы жылы Орталық саябақ халықаралық «Хрустальное колесо» байқауында үздік ашық ойын-сауық және демалыс саябағы деп танылды.