Астаналықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жаңа жоба басталды


Amanat партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы міндеттерді іске асыру мақсатында және қаланың тыныс-тіршілік ортасына белсенді атсалысу үшін Amanat партиясы Астана қалалық филиалы Turgyndar amanaty жобасын жүргізе бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жоба аясында қаладағы барлық көппәтерлі үйлердегі Мүліктің меншік иелері бірлестігі, ПИК төрағалары және ЖС сенім білдірілген адамдарға тиімді салалық басқаруды күшейту үшін Халық қатысатын бюджет жобасы жайлы ақпараттандыру үшін оқыту крустарын өткізбек.
«Алматы» ауданынан басталған оқыту курстары кезек-кезегімен барлық ауданда өткізілмек.
Сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының депутаттарымен бірге барлық көппәтерлі үйлерде кездесу ұйымдастырылып, азаматтардың ұсынымдары мен арыз-шағымдары тыңдалып, мәселенің оң шешімін табу үшін тиісті шаралар қабылданбақ.
Turgyndar amanaty жобасы көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысуға бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, олардың өтініштеріне назар аудару. Яғни қолайлы, қауіпсіз, жайлы және заманауи қалалық орта құру, аула аумақтарын абаттандыру және тұрғындардың белсенділік деңгейін арттыруға ықпал ету.
«Қазіргі заманғы қалалық орта ең алдымен қауіпсіз, ыңғайлы және жан-жақты болуы керек. Сондықтан осы салада азаматтарға қолайлы жағдай жасау, олардың қалалық орта сапасына қанағаттануы – партияның басым бағыттарының бірі. Бұл тақырып партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасында да көрініс тапқан. Оған партияның қоғамдық тыңдау рәсімін пайдалана отырып, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді түрде тұрғындарды тарту, сондай-ақ аулаларды абаттандыруға ерекше назар аудару міндеттемесі енгізілген», - дейді Amanat партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.



