00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада картоп бағасы тұрақталды

Астанада картоп бағасы тұрақталды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды. Бұл өнімнің жетіспеушілігі мәселесі жоқ. Өнімдер қаладағы сауда желілері мен базарларда жеткілікті мөлшерде ұсынылып, қорлары дер кезінде толықтырылуда, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана» СПК» АҚ 7 мың тоннадан астам картоп жеткізуге келісімшарттар жасады, бұл бірқатар сауда орнында өнімге тұрақты бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Картоптың құны килограмына 185 теңгеден 250 теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Келісімшарттық көлемдер бірнеше жеткізуші арасында бөлінеді:

- Magnum Cash&Carry ЖШС – 4 160 тонна;

- «ҚазПромАгро» ЖШС (Павлодар облысы) – 2 240 тонна;

- «Нұрбек» КХ (Түркістан облысы) – 680 тонна.

Картоп қаланың «Магнум», «Вкусмарт», «Аян», «Анвар», «Фермаг» сияқты сауда желілерінде, сондай-ақ «Сауран», «Шапағат» және басқа да базарларда бар.

Сонымен қатар, «Астана» СПК» АҚ 7 мың тоннадан астам картоп жеткізу бойынша жаңа келісімшарттар жасау жұмыстарын жалғастыруда. Magnum желісінде картоптың белгіленген бағамен – килограмына 185 теңге қорын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Бұл ретте Өңірлік комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне мониторинг және тұрақты тексерулер жүргізеді.