00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады

Астанада көмірді қайдан  сатып алуға болады
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Елордада көмір сататын 14 орын бар, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл орындарда 9 сатушы компания қызмет етеді.

Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі 4/1, Герцен 6/2, Көктал 28/1, Мақат 40, Жамбыл Жабайұлы 76, Ахмет Жұбанов 35, Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-өткел, 9А көшесі, Герцен 6б, Қарағанды тас жолы («Магнум» супермаркетінің арт жағы).

Қазіргі уақытта Астанада көмірдің орташа бағасы төмендегідей:

Шұбаркөл – тоннасына 16 400 тг;
Қаражыра – тоннасына 17 400 тг;
Майкөбе – тоннасына 13 500 тг.

Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, онда көмірдің сату орындарында болуы, бағасы туралы қажетті ақпарат беріледі.