Астанада Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Бейсекова және Н.Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айрығын салады. Сол себепті аталмыш көшелердің қиылысы толық жабылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жүру арқылы уақытша жолда ұйымдастырылады.
Жұмыстар осы жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейін жүргізіледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:37
Астанада ауқымды Orta Fest экофестивалі өтеді

Бүгін, 14:47
Конституцияға – 30 жыл: Астанада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін, 13:37
Елордада он жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Бүгін, 09:38
Астанада мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарға білім гранты табысталды