Қызылорда облысында автоматтандырылған кірпіш зауыты салынып жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қызылорда облысында автоматтандырылған кірпіш зауыты салынып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173953631234382424.webp)
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағында қарқынды салынып жатқан заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысын «Қызылорда Саз М» ЖШС жүргізіп жатқан кірпіш зауытын орналастыруға өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі берілгенін айтты. Іске қосылған соң онда жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады.
Зауыттың іргетасы толық құйылып, металл конструкцияларының 60%-ы орнатылған. Құрылыс алаңында 50 жұмысшы, 11 техника еңбек етіп жатыр. Қажетті қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Айналмалы пешті, шикізат дайындайтын қондырғыны, экструдерді, кірпіш кесіп оны жинайтын құрылғыларды монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық ғимарат та салынады. Бұл кірпіш зауытының артықшылығы – өндіріс толығымен автоматтандырылған.
![Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналымы 4,4%-ға өсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17398768136175182.webp)
![Қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге салық төлеу үшін бір ай уақыт берілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173985905426055413.webp)
![Оқулықтар қайта-қайта өзгертілгені үшін мемлекетке 16 млрд теңге шығын келген](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173977787535379701.webp)
![Энергетика министрі қаңтардағы мұнай өндіру көлемінің ұлғаю себебін түсіндірді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173977216344670476.webp)