Елімізде 114 мыңнан астам қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды

Елімізде 114 мыңнан астам қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды
фото: freepik.com

2024 жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау енгізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтыр қыркүйектен бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып табылатын АПВ-ға қарсы вакцинаны 114,4 мыңнан астам қыз, оның ішінде 11 жаста – 64,1 мың, 12-13 жаста-50,3 мың қыз алды.

Вакцинацияланған жағдайлардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

«2024 жылғы ақпанда АПВ-ға қарсы вакцинацияның ауыртпалығы мен тиімділігін ескере отырып, АПВ-ға қарсы вакцина Қазақстанның Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілді, осылайша біз АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына кірдік»,- деп жазылған хабарламада.