Білім

4 тамыз, 2025
«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярланып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі 1000 көшбасшы» стратегиялық жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

3 тамыз, 2025
Оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль иеленді
Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды. Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

1 тамыз, 2025
Қазақстанда мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарды
Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кеңесте мектеп директорларын бос лауазымдарға тағайындау мәселесі қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

1 тамыз, 2025
Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада тарихи нәтижеге қол жеткізді
Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI жалғасуда. Бүгін Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

31 шілде, 2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі
2025-2026 оқу жылының қарсаңында елімізде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізілуде. Биыл 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілмек, деп хабарлады Elordainfo.kz.

31 шілде, 2025
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді
Жаңа оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

30 шілде, 2025
Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылады
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Түркияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Гази университетінің филиалы ресми түрде ашылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

30 шілде, 2025
Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді
Шағын қалалар мен аудан орталықтарында және елді мекендерде 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ол қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға, балалардың оқу мен тәрбиесіне жайлы жағдай жасауға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жеті негізгі бағытты қамтиды,...

29 шілде, 2025
Еліміздегі 245 мектепте кешенді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алдағы үш жылда еліміздің барлық өңірінде 1 231 мектепті жаңғырту жоспарлануда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

28 шілде, 2025
Жаңа оқу жылындағы каникулдардың мерзімі бекітілді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

25 шілде, 2025
Қазақстандық мектеп оқушылары Франциядағы физика олимпиадасында топ жарды
Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

25 шілде, 2025
Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жетті
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда қосымша төрт арнайы білім беру ұйымы ашылып, олардың жалпы саны 508-ге жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

24 шілде, 2025
Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады – министр
Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

24 шілде, 2025
Лицензиясыз жұмыс істеген 66 мектептің 18-і ғана қалды – министр
Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы өтуде. Онда вице-премьер Ермек Көшербаев және бірқатар салалық министрлік өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

24 шілде, 2025
Биыл елімізде ЖОО-ға түсу үшін 93 мың грант бөлінеді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының республикадағы білім беру саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

24 шілде, 2025
Биыл 90 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтеді
Жазғы каникул кезінде бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқамерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл бастама елімізде осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

23 шілде, 2025
Қазақстанда ашылған Германия университетінің филиалына талапкерлерді қабылдау басталды
Energo University базасындағы германиялық Hochschule Anhalt университетінің филиалы бакалавриатқа студенттерді қабылдауды бастады. Конкурс арқылы іріктеуден сәтті өткен студенттер үшін 100 мемлекеттік грант қарастырылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

23 шілде, 2025
Елімізде қазан айында оқушыларға арналған TUMO креативті технологиялар орталығы ашылады
«Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ басқарушы директоры Валерия Тёнің айтуынша, бұл — 12 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған, қосымша білім беретін бірегей және тегін бағдарлама, деп хабарлады Elordainfo.kz.