Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады
![Олжас Сүлейменов](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/12/173380597617015824.webp)
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
• «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
• театр фестивальдері мен қойылымдары;
• жаңажылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
• қауіпсіздік сабақтары;
• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
• спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
«Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады», - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
![Қазақстан 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісім жасасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/17371071943691714.webp)
![Президент сұхбаты негізгі бағыттарды айқындап берді – мектеп директоры](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173703576223515899.webp)
![«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны эфирге қайта оралады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/17370211285410026.webp)
![Астанада 6 мектеп жөндеуден өтеді – Ерлан Каналимов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/1737015505879426.webp)