Биыл 6,8 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер
25 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: inbusiness.kz
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биылғы жылдың жаңалығы елімізде оқу жылы 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды. Осыған орай әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген, - деді Ғани Бейсембаев.
Министрдің сөзінше, биыл 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді. Оның ішінде «Алтын белгіге» 6,8 мың оқушы үміткер.
Айта кетейік, оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:51
Ғани Бейсембаев білім саласындағы стартап жобалармен танысты
Бүгін, 11:15
Елімізде оқу жылы басталғалы 106 жаңа мектеп ашылды
14 қараша, 2024
Ел мектептерінде буллингке қарсы бағдарламаның апробациясы қалай өтіп жатыр
14 қараша, 2024
Жұмысшы мамандықтар бойынша республикалық WorldSkills чемпионаты басталады