Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері оқу құралдары салынған сөмкелер алды
Мұндай акцияны «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры жыл сайын ұйымдастырып тұрады.
Мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Біз үшін мұндай акция жыл сайынғы дәстүр. Біз әртүрлі әлеуметтік санаттағы балалармен, соның ішінде өмірлік қиын жағдайдағы балалармен тығыз жұмыс істейміз. Балаларға назар аудару, олардың жалғыз еместігін білдіру, оларға көмекке келетін жандар аз емес екенін көрсету маңызды деп санаймын. Осы акция аясында біз нақты мысалмен қоғамның оларды қолдауға дайын екенін көрсеткіміз келеді. Әрине, осы балалар жобаларымыздың ертеңгі қатысушылары деп үміттенеміз. Қордың қолдауын сезінген бала өзінің болашақтағы дамуына серпін алады деп сенемін, - деді «Елбасы Академиясы» қайырымдылық қорының директоры Асланбек Амрин.