Жоспар асыра орындалды: биыл 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Елімізде биылғы 11 айда 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 154,3 мың тұрғын үйді құрайды. Бұл туралы Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясы аясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетуде: орындалған жұмыс көлемі 8,1 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға өсті.
«Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген жоспарлы индикатордан асып түседі, мұнда 2025 жылға арналған меже 15,9 млн шаршы метрді құрайды», - деп атап өтті вице-министр.
Бұған дейін «Наурыз» бағдарламалары бойынша 200 млрд теңгеден астам қаржы жеңілдетілген ипотекаға бағытталғанын жазған болатынбыз.