ЖИ көмегімен діни сұрақтарға лезде жауап беретін мобильді қосымша іске қосылады

15 қаңтар, 2026
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
ЖИ көмегімен діни сұрақтарға лезде жауап беретін мобильді қосымша іске қосылады
Фото: freepik.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп іске қоспақ, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ, дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады. Осыған байланысты, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз», - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұған дейін ҚМДБ дипфейкке қатысты пәтуа шығарғанын жаздық.