Жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджі өтіп жатыр
Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміз бойынша 10-16 желтоқсан аралығында жас ұстаздар арасында ««Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» республикалық челленджі ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Әлеуметтік желілер арқылы өтетін бұл челлендждің басты идеясы – қоғамда педагог мәртебесін, оның еңбегінің маңызын және ұлт болашағын қалыптастырудағы рөлін кеңінен насихаттау.
Челленджге қатысушы мұғалімдер әлеуметтік желілерде «Мен Тәуелсіздік құрдасымын» тақырыбында бейнеролик немесе пост жариялап, тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ ретінде білім саласының дамуы мен оған қосқан өз үлесі, педагог миссиясы туралы ой-пікірімен бөліседі.
Челленджге тәуелсіздікпен құрдас ниет білдіруші ұстаздар қатысады, ол үшін:
- әлеуметтік желілерде #МенҰстазбын#ТәуелсіздікҚұрдасымын #ЯУчитель #ЯРовесникНезависимости хэштегтерімен фото, бейне посттарын жариялаңыз;
-тәуелсіздік туралы өз ойыңызбен, ұстаздық қызметтегі миссияңызбен бөлісіңіз.
А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының деректеріне сәйкес, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 15 мыңнан астам тәуелсіздікпен құрдас педагог еңбек етеді.