Заңсыз жүрген қазақстандықтар Кореядан ақпан соңына дейін айыппұлсыз кете алады
Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтары елден айыппұл төлемей және қайта кіруге тыйым салынбай ерікті түрде шыға алады. Бұл мүмкіндікті ақпан айының соңына дейін қолдануға болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кореяның Әділет министрлігімен жүргізген келіссөздер барысында ерікті шығу бағдарламасының уақытын ұзартуға келісті. Бағдарлама 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап іске қосылған.
Айта кетерлігі, бағдарлама мәжбүрлі түрде депортацияланатын құқық бұзушылық жасағандарға, 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін заңсыз мәртебеге ие болғандарға қолданылмайды.
Оған қатысу үшін төлқұжат, шығу туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарландыру ұшатын күннен 15-3 күн бұрын сол елдің көші-қон қызметіне берілуі тиіс.
Еске салсақ, Маңғыстауда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды.