Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарға, дропперлік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Заң мен тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру мақсатында өткен іс-шарада Астана қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қызметкерлері Д.Разьянов және С.Нұрмұханбет студенттерге дәріс оқыды.

Дәріс барысында есірткі қылмысына қарсы күрестің өзекті сұрақтары талқыланып, алдын алу шаралары қарастырылды. Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға түсіндірме беріліп, сот тәжірибесіндегі мысалдар келтірілді.