Елордалық мектепте прокуратура қызметкері құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде дәріс оқыды

Елордалық мектепте прокуратура қызметкері құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде дәріс оқыды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Жас үміт» жобасы аясында Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің оқушыларына «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шара кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Кездесу барысында әр сыныпқа жеке-жеке түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, буллинг, интернет-алаяқтық және өзге де өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Осындай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң талаптарына жауапкершілікпен қарауды нығайтуға ықпал етеді.