Астана қаласы Байқоңыр аудандық прокуратурасы патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, мас күйінде көлік жүргізудің қайталануының алдын алуға бағытталған іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Азамттарға мас күйде көлік жүргізудің салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайталған құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілді.
«Қаперде болсын, мас күйде көлік жүргізу басқалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Ішіп алып көлік жүргізбеңіз!», делінген ескертуде.