Референдум-2026

«Заң мен тәртіп»: Астанада тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша рейд өтті

«Заң мен тәртіп»: Астанада тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша рейд өтті
Фото: қала әкімдігінің ресми сайты

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Президенттік саябақ пен өзен жағалауы аумағында профилактикалық рейд өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен Полиция басқармасы, аудан прокуратурасы және Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен өтті.

Рейд барысында демалушылар арасында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау, қоғамдық тәртіпті сақтау және демалыс мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, рұқсатсыз сауда жасау жағдайларының алдын алу, азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге болмайтынын ескерту және судағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзен акваториясында патрульдеу жүргізіп, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылады.

Осыған орай, Сарайшық ауданы Полиция басқармасының Экология бөлімінің инспекторы Азамат Қалдыбаев пікір білдірді.

«Елдегі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция рейд жүргізілді. Іс-шара барысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 501 бабының 1 бөліміне сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілер анықталып, құқық бұзушылыққа тиісті әкімшілік хаттамалар қабылданды», – деді ол.