«Заң мен тәртіп»: Астанада прокуратураның бастамасымен ауданаралық футбол турнирі өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасы, «Сарыарқа» ауданы әкімдігі, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатысуымен ауданаралық футбол турнирі өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Футбол турниріне Астана қаласы бойынша пробация қызметі есебіндегі тұлғалар қатысты.
«Аталған іс-шара – жай ғана спорттық жарыс емес. Ол салауатты өмір салтын насихаттауға, қоғамда заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, қайта әлеуметтендіруге және қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды бастама», - дейді прокуратура өкілдері.
Спорттық дода әрбір қатысушыға жаңа серпін сыйлап, үздік нәтижеге қол жеткізген командалар мен ойыншалар кубоктар, медальдар және грамоталармен марапатталды.