Қызылорда облысында мәдениет қызметкерлеріне 1,5 млн теңгеден астам тиісті өтемақы берілмеген
3 қыркүйек, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Қызылорда облысы Қазалы ауданы прокуратурасының тексерісі нәтижесінде мәдениет саласындағы бірқатар мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы, аудандық кітапханалар жүйесі және ауылдық клубтарда жұмыс істейтін 25 қызметкерге пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін 1,5 млн теңгеден астам өтемақы толық төленді.
Нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
«Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура ұсынуы негізінде уәкілетті органдармен еңбек заңнамасын сақтау шаралары қабылданды»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
26 мамыр, 2026
Бурабайдағы «Амандық» полигоны халықаралық жарысқа дайындалуда
26 мамыр, 2026
Қазақстан соттары жаңа кезеңге өтті: ЖИ сот практикасын талдайды
26 мамыр, 2026
Нұржан Нұржігітов ЕҚДБ вице-президентімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
26 мамыр, 2026
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімге келді