«Халық бухгалтері»: Астанада 3 мыңнан астам кәсіпкер тегін кеңес алды
Астанада «Халық бухгалтері» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында қала тұрғындары салық және бухгалтерлік есепке қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап ала алады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, акция жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне салық және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тегін кеңес беруге бағытталған.
Жоба 2026 жылдың қаңтар айында басталды. Бүгінге дейін мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен кәсіби бухгалтерлер 3 мыңнан астам астаналыққа консультация берді.
Мамандардың айтуынша, акция кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға және салық салу мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
Қаңтар-ақпан айларында кеңестер аптасына үш рет өткізілсе, наурыз айынан бастап аптасына екі рет ұйымдастырылып келеді.
Кеңес беру орындарының мекенжайлары ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.
Айта кетейік, акция 30 маусымға дейін жалғасады.
Бұған дейін 2026 жылы арнайы салық режимін кімдер қолдана алатынын жаздық.