Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жұртшылықты кеңінен тарта отырып, Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және ЖИ жылы шеңберіндегі іс-шаралар тізбесін бекітуді тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сәтті өткізу үшін кәсіби қоғамдастық пен халықты кеңінен тартуды қамтамасыз ету маңызды.
Осыған байланысты Жасанды интеллект министрлігіне қаңтар айының соңына дейін Жылдың іс-шаралар тізбесін анықтап, бекітуді тапсырамын», - деп атап өтті Олжас Бектенов.