Turkiye Open-2026: қазақ таеквондошылары 5 медаль жеңіп алды

Бүгін, 13:19
Думан Аманжол Думан Аманжол
Turkiye Open-2026: қазақ таеквондошылары 5 медаль жеңіп алды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан таеквондодан ірі халықаралық Turkiye Open-2026 турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы бес бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Ал 53 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нодира Ахмедова мен Айдана Сүндетбай, 57 келіде Мария Севостьянова және 73 келіде Назым Махмұтова қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, турнирдің соңғы күнінде ерлер арасындағы жекпе-жектер өтеді.

Еске салсақ, қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің абсолютті жеңімпазы атанғанын жазғанбыз.