26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысында 65 шақырым ирригациялық канал тазаланып жатыр

|
Photo: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысында 65 шақырым ирригациялық канал тазаланып жатыр

|
Photo: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жетісай ауданында жаңа арнайы техника көмегімен 65 шақырымға жуық ирригациялық каналды кешенді тазалау басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы вегетация кезеңінде суару суын жеткізуді жақсарту мақсатында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы өңірдегі ирригациялық каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркістан филиалының Жетісай өндірістік учаскесінде ұзындығы 64,9 шақырым болатын каналдар тазартылуда. Бүгінге дейін оның 29 шақырымы тазартылды. Жұмысқа 10-нан аса арнайы техника жұмылдырылған.

Атап айтқанда, үш ауылдық округтегі 18,86 мың гектар жерді суару суымен қамтамасыз ететін К-21 каналының 18 км учаскесі тазалануда. Қазіргі уақытта 10 км учаске толық тазаланған. Жұмыстарға пайдаланылып жатқан үш экскаватор тазалауды үздіксіз жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы ГНС-1 насос станциясына су беру тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Машканал» (Машиналық әдіспен су көтеру каналы) бас құрылысын құм мен лайдан тазарту жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 5 арнайы техника жұмылдырылған. Тазарту процесін 10-15 күн ішінде аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар ГНС-1 станциясындағы 8 насос агрегатын жөндеуге дайындық жүргізіліп жатыр.

«Вегетация кезеңі барысында осы нысандардың барлығында суды жеткізуге қатысты қиындықтар анықталды. 2026 жылғы суару маусымында осындай мәселелердің алдын алу үшін алдымен тазарту жұмыстары жүргізіліп, кейін жөндеу және бетондау жұмыстары іске асырылады. Тазарту барысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары бақылауда және ведомство ұсынған жаңа техника мен автокөлік белсенді пайдаланылып жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі Нұрмұхаммед Ниязбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗