Түркия Президенті: Қожа Ахмет Ясауи орденін түрік ұлтына деген ілтипат белгісі деп қабылдаймын

Түркия Президенті: Қожа Ахмет Ясауи орденін түрік ұлтына деген ілтипат белгісі деп қабылдаймын
Фото: Ақорда

Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын! – деді Түркия Президенті.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады.