The Washington Post басылымы Маңғыстау ландшафтары туралы жазды

Бүгін, 13:54
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
The Washington Post басылымы Маңғыстау ландшафтары туралы жазды
Фото: Kazakh Tourism ұлттық компаниясынан

Беделді The Washington Post басылымы Маңғыстау облысының ландшафттарына назар аударды. Мақалада Қазақстанның туристік локациялары Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары ретінде сипатталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Материал авторы өңірге жасаған сапары туралы баяндап, шетелдік аудиторияның назарын Бозжыра, Торыш шатқалдары мен Жығылған ойпатының табиғи бірегейлігіне аударады.

«Торыш немесе Шарлар алқабы – ландшафт бойына уақ тастардан бастап ірі валундарға дейінгі жүздеген домалақ тастар шашырай орналасқан орын. Ғалымдар олардың қалай пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін ортақ пікірге келген жоқ. Ал мен алқап бір кездері құдайлардың ойын бөлмесі болған деген жергілікті теорияны құптаймын.

Жығылған – ұзындығы бірнеше шақырымға созылатын, ғимараттармен шамалас тастарға толы ойпат. Алыстан қарағанда, бір кездері Каспий теңізінің жағасында бір алып отырып, астындағы жерді ойып кеткендей әсер қалдырады», - деп жазады The Washington Post.

Материалда оқшауланған әрі аутентикалық саяхат тәжірибесіне ерекше назар аударылады.

Маңғыстау облысының танымдық туризм бағыты ретіндегі халықаралық тартымдылығы артып келеді, бұл туристік ағынның өсуімен де байқалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қолжетімді болатынын жаздық.