«Таза Қазақстан»: онлайн платформаға астаналықтардан 3600-ден аса өтінім түсті

«Таза Қазақстан»: онлайн платформаға астаналықтардан 3600-ден аса өтінім түсті
Фото: Астана әкімдігі

Елордада «Таза Қазақстан» онлайн платформасының тиімді жұмысы жалғасып жатыр. Онда астаналықтар абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу бойынша өтінімдер жібере алады. Сервис қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың әр тұрғыны «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыруға байланысты мәселені жеткізе алады.

Платформа жұмыс істей бастағаннан бері мұнда 3669 өтінім түскен, оның 3305-і орындалып, тағы 3-і орындалу үстінле, қалғандары өңдеу кезеңінде.

Өтінімдерде көтерілетін негізгі мәселелердің дені аумақтарды абаттандыруға, жарықтандыруға, жолдарды жөндеуге, көгалдандыруға, рұқсат етілмеген полигондарды жоюға қатысты болып отыр.

Барлық ескерту уақтылы өңделеді, бұл тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындармен жылдам әрі ашық кері байланыс орнату.

Бұған дейін Қазақстанды екінші отаны санайтын нигериялық музыкант әрі блогер Абдул Керим Адешина Абдул Фатхи көпшілікке KerimGold есімімен TikTok-тағы TazaLike жобасы арқылы кеңінен танылғанын жазған едік.