Ташкенттегі форумда Қазақстандағы конституциялық реформалар таныстырылды
Ташкент қаласында «Сапалы даму арқылы адам құқықтары саласындағы ілгерілеуді бірлесіп дамыту» тақырыбында «Қытай – Орталық Азия» Адам құқықтарын дамыту форумы өтті. Бұл тура Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараға Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, ұлттық құқық қорғау институттары, ғылыми-сараптамалық қауымдастық және халықаралық ұйымдардың мамандары қатысты.
Форум аясындағы «Қытай мен Орталық Азияның адам құқықтары саласындағы ынтымақтастығының басым бағыттары» атты пленарлық отырыста сөз алған Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының азаматтық және саяси құқықтар бөлімінің меңгерушісі Виктор Тихонов өзінің баяндамасында Қазақстанда құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқаруда адамға бағдарланған тәсілді дамытуға бағытталған конституциялық реформалар жөнінде ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар форум барысында цифрландыруды дамыту, экологиялық және зияткерлік құқықтар, өңірлік гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгергенін жаздық.