Шымкентте құны 1 млрд теңге жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Әскери прокурорлар әскери мүліктің сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілгенін және кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтады.
Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті.
Нәтижесінде құны 1 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді.
Прокуратура өкілдері аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.
Еске салсақ, Қазақстанға алты елдің жас сарбаздары жиналады.