Референдум-2026

Судағы қауіпсіздік: мамандар суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірді

Бүгін, 17:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Судағы қауіпсіздік: мамандар суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірді
Фото: Magnific.соm

«Судағы қауіпсіздік» акциясы аясында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары суға батқан адамға алғашқы көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін еске салды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мына ережелерді есте сақтаңыз: 

-Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін оны қатты әрі тегіс жерге жатқызыңыз;

-103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, жедел медициналық көмекті шақырыңыз.

Егер зардап шегуші тыныс алмаса немесе тынысы қалыпты болмаса:

-ауыз қуысын көрінетін бөгде заттардан тазартыңыз; • мойын жарақаты күдік тудырмаса, басын шалқайтып, иегін көтеріңіз;

-5 бастапқы жасанды тыныс беріңіз;

-содан кейін жүрек-өкпе реанимациясын бастаңыз: кеуде қуысына 30 рет басу және 2 рет жасанды тыныс беру.

-Жүрек-өкпе реанимациясын 30:2 арақатынасымен зардап шегушіде өмір белгілері пайда болғанға дейін немесе жедел медициналық көмек келгенге дейін жалғастырыңыз.

Мамандар уақытылы көрсетілген алғашқы көмек адам өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін қаперге береді. 

Еске салайық, бұдан бұрын да ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырған болатын.